Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс жоспарына сәйкес Қазығұрт елді мекеніндегі «Шығыс» мөлтек ауданында салынып жатқан үш тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты.
Аталған жоба аясында 3 қабатты, 12 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Инвестор – «KEMEL STROY GROUP» ЖШС, мердігер мекеме – «Барыс Строй-2030» ЖШС.
Қазіргі таңда тұрғын үйлердің іргетасы құйылып, қабырғалары толық қаланған, шатырлары жабылып, терезелері орнатылған. Сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталып, бүгінде ішкі инженерлік жүйелерді тарту және қабырғаларды әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі құрылыс сапасына баса назар аударып, нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беру қажеттігін атап өтті. Осы бағытта жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.
Басты мақсат – аудан тұрғындарын сапалы тұрғын үймен қамтуға жағдай жасап, елді мекендердің сәулеттік келбеті мен инфрақұрылымын жақсарту.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









