Орал қаласындаЭкономикалық тергеп-тексеру департаменті, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі және Орал қаласының қоғамдық даму бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен Oral Digital Transformation форумы өтті.
Іс-шара барысында цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар спикерлердің баяндамаларын тыңдап, интерактивті ойындарға қатысып, заманауи IT-жобалар, роботтар мен дрондар көрмесін тамашалады.
Форум тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және жаңа технологияларға деген қызығушылығын дамытуға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









