Мектеп оқушыларына маңызды мәселелер туралы
Орал қаласындағы №40 жалпы орта білім беретін мектепте Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және өзге де мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен оқушыларға арналған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара барысында оқушыларға экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу, дропперлік, вейптерді тұтыну және тарату, қаржылық қауіпсіздік, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдердің құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, жауапты мінез-құлық қалыптастыруға және жастардың заңсыз әрекеттерге тартылуының алдын алуға ерекше назар аударылды.





