ШҚО ПД-да ішкі істер органдары ардагерлері арасында шахмат турнирі өтті
Ішкі істер органдары ардагерлері күні қарсаңында Полиция департаменті Ардагерлер кеңесімен бірлесіп шахмат турнирін ұйымдастырды. Жарысқа полиция және Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлері қатысты.
Қатысушыларға ШҚО ПД Жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Баяндинов пен ІІО және ҰҰ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев құттықтау сөз сөйледі. Олар ардагерлерге көпжылдық қызметі мен ішкі істер органдарының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, қызметтік дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңызын атап өтті.
Турнир тек спорттық сайыс қана емес, бұрынғы әріптестердің қайта кездесіп, емен-жарқын әңгімелесуіне де жақсы мүмкіндік болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
- 1-орын — Сабырбаев Тілеуғабыл Қожахметұлы, ШҚО ПД зейнеткері;
- 2-орын — Татаев Алтай Қабдығалиұлы, ШҚО ПД зейнеткері;
- 3-орын — Долгов Александр Владимирович, ШҚО ҚАЖД өкілі.
Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Мұндай бастамалар ардагерлермен байланысты нығайтуға, ішкі істер органдарының тарихы мен үздік дәстүрлерін сақтауға, сондай-ақ жас қызметкерлерге адал қызмет етудің үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









