Қоғамдық орындардың тазалығын бұзу жауапкершілікке әкеледі

    1 / 2

    Қоғамдық орындардың тазалығын бұзу жауапкершілікке әкеледі

    «Таза Қазақстан» аясында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында қоғамдық орындарды ластау деректері тіркелді.

    Катонқарағай ауылында 31 жастағы жергілікті тұрғын сауда үйінің алдында темекі шегіп, тұқылын жерге тастаған. Осындай жағдай Жанпейісов көшесінде де орын алған. 47 жастағы ер адам аудандық әкімдік ғимаратының алдында темекі шегіп, тұқылын жерге тастаған.

    Аталған екі дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

    Бапқа сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 40 сағат қоғамдық жұмысқа тарту көзделген. Ал бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда 20 АЕК айыппұл немесе 80 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалады.

    Полиция тазалық әр адамның жауапкершілігіне байланысты екенін еске салады. Тіпті темекі тұқылын арнайы орынға тастамай, жерге тастай салудың өзі әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары