ШҚО-да есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

    1 / 3

    ШҚО-да есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

    Риддер қаласында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері «Toyota Caldina» автокөлігін тоқтатқан. Рөлде 34 жастағы жергілікті тұрғын болған.
    Тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің оғаш күйін байқап, оны медициналық куәландыруға жіберді. Сараптама нәтижесінде ер адамның есірткілік масаң күйде болғаны расталды.

    Сондай-ақ автокөлік салонын тексеру барысында ер адамның барсеткасынан қоңыр-жасыл түсті зат салынған түйіншек табылды.
    Сараптама қорытындысы бойынша, оның жалпы салмағы 35 грамнан асатын марихуана екені анықталды.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

    Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ескертеді: масаң күйде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қауіп төндіреді. Мұндай бір ғана сапардың өзі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары