Бүгін аудан әкімі Мейрам Мендыбаевтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиында 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен жергілікті бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Баяндама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марал Рамазанова.
Айыртау ауданы экономиканың негізгі салалары бойынша оң өсім көрсетуде📊:
🌾 Ауыл шаруашылығы:
- Өнім өндіру көлемі: 59 079,7 млн теңге;
- Нақты көлем индексі: 106,8% (өсім – 6,8%).
🏭 Өнеркәсіп және инвестициялар:
- Өнеркәсіп саласындағы өсім: +26% (оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – +25,1%);
- Өнеркәсіп өндірісінің көлемі: 5 068,3 млн теңге;
- Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі: 18 372,3 млн теңге.
🏗 Құрылыс және тұрғын үй:
- Құрылыс жұмыстарының көлемі: 7 446,2 млн теңге;
- Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі: 7 521 шаршы метр.
🛍 Сауда:
- Бөлшек сауда айналымы: 11 455,4 млн теңге;
- Көтерме сауда айналымы: 20 752,8 млн теңге.
👥 Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI):
Барлық жоспарланған көрсеткіштер бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде, ал кейбір көрсеткіштер бойынша жоспарлы межеге қол жеткізілді. Мәселен, қандастарды көшіру бағдарламасы аясында ауданға 215 адамды қоныстандыру жоспарланған болса, бүгінгі таңда 227 адам көшіп келді. Бұл жоспардың 105,6%-ын құрайды.
Аудан экономикасын нығайту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








