Бүгін Айыртау ауданының әкімі М.Ж. Мендыбаев Саумалкөл ауылында ЖДС елді мекеніндегі № 1, 2, 3 үйлерге кіреберіс жол салу, сондай-ақ Ильин көшесіндегі жол төсемін тегістеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.
Бұған дейін ЖДС елді мекеніндегі № 1, 2, 3 үйлердің тұрғындары аудандық мәслихат депутатына және ауылдық округ әкіміне үйлеріне қатынайтын жолдың қолайсыздығы туралы бірнеше рет өтініш білдірген болатын. Атап айтқанда, жеке автокөліктердің ғана емес, арнайы техниканың да қатынауы қиындаған. Бұл әсіресе қыс мезгілінде белгілі бір қиындықтар мен қауіп-қатерлер туғызған. Осы мәселе бойынша тұрғындар аудан әкіміне де жүгінген болатын.
Бүгінде аталған мәселе өз шешімін тапты. Б. Әшімов көшесіндегі жолдан қосымша кіреберіс жол салынды.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі атқарылған жұмыстардың сапасын бағалап, тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюдың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жол учаскесіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыруға қатысты бірқатар ескертулер жасады.
Одан кейін аудан әкімі жақында жол төсемін тегістеу жұмыстары жүргізілген Ильин көшесін де аралап көрді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









