БРИТАНИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ НИК ФИЛДИНГ АЙЫРТАУ АУДАНЫНА КЕЛДІ.

    1 / 9
    2 қараша күні Айыртау ауданына британдық журналист, жазушы, Қазақстан, Орталық Азия және Ұлы дала тарихын зерттеуші Ник Филдинг келді. Ол әр жылдары Ұлыбританияның белгілі The Sunday Times, The Mail on Sunday, The Guardian және The Daily Telegraph басылымдарында қызмет атқарған.
    Британдық зерттеуші ауданымызға Асылбек Базарбайұлы Қожахметовтің шақыруымен келді.
    Сапардың алғашқы аялдамасы Саумалкөл ауылындағы «Ботай» музей-қорығы болды. Мұнда мәртебелі мейманды қазақтың қонақжай дәстүрімен қарсы алып, бауырсақ пен қымыз ұсынды. Экскурсия барысында қонақ музей жәдігерлерімен және өңіріміздің бірегей археологиялық мұрасының тарихымен танысты.
    Одан әрі сапар Сырымбет ауылында жалғасты. Ник Филдинг алдымен Айғанымның тарихи қонысын аралап, кейін Шоқан Уәлиханов музейіне барды. Атап өтерлігі, қазақтың көрнекті ғалымы, тарихшысы әрі саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасын тереңірек тану британдық зерттеуші үшін ерекше қызығушылық тудырды.
    Іс-шараларға Айыртау ауданының әкімі Мейрам Мендыбаев пен аудан әкімінің орынбасары Ерлан Казбеков қатысты.
    Британдық зерттеушінің бұл сапары шетелдік қонақтарды Айыртау өңірінің бай тарихымен және мәдени мұрасымен таныстыруға тағы бір мүмкіндік берді.
    Ник Филдингтің сапары мен алған әсерлері туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Айыртау ауданының әкімдігі" жаңалықтары