Заманауи полиция қызметінің қыр-сырын өз көзіңізбен көріп, оқырмандарыңызға жеткізгіңіз келе ме? Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті жыл сайынғы «Погондағы журналист» жобасының басталғанын хабарлайды. Жоба 2026 жылғы 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен контент авторларын тәртіп сақшыларының күнделікті қызметімен жақынырақ танысуға шақырамыз. Жоба аясында қатысушылар патрульдік полиция қызметкерлерімен, жедел уәкілдермен және учаскелік инспекторлармен бірге кезекшілікке шығып, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын өз көзімен көре алады. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге арналған эксклюзивті материалдар дайындауға мүмкіндік алады. Өтінімдер 2026 жылғы 14 қарашаға дейін қабылданады. Жобаға қатысу үшін өз деректеріңізді СҚО ПД баспасөз қызметінің электрондық поштасына [email protected] немесе WhatsApp арқылы +7 705 756 1587 (Әдемау Мендыбаева) нөміріне жолдауға болады. Сондай-ақ 8 (7152) 39-42-19, 39-40-21 телефондарына хабарласа аласыз. Жобаның бір бөлігі болыңыз! Заманауи полиция қызметімен танысып, оқырмандарыңызға тәртіп сақшыларының жұмысын жеткізіңіз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









