Ұлытау облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін қалай біле алады

    Ұлытау облысының тұрғындары сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және қай сайлау учаскесіне тіркелгенін арнайы Telegram-бот арқылы немесе жергілікті әкімдіктер жанынан құрылған Call-орталықтарға хабарласып біле алады, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Сайлаушылар туралы мәліметтерді нақтылау және тұрғындарға ақпараттық көмек көрсету мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді.
    Азаматтар өздерінің сайлау учаскесін анықтау үшін @sailau_ulytau_bot Telegram-ботын пайдалана алады. Сондай-ақ тиісті ақпаратты жергілікті әкімдіктердің ресми сайттарынан немесе Call-орталықтарға хабарласу арқылы нақтылауға болады.
    Ұлытау облысы бойынша Call-орталықтардың байланыс нөмірлері:
    – Жезқазған қаласы: 109, 8 (7102) 76-02-16 8 (7102) 77-80-60;
    – Сәтбаев қаласы: 8 (7106) 33-79-86;
    – Қаражал қаласы: 8 (7103) 22-66-19;
    – Жаңаарқа ауданы: 8 (7103) 02-87-98;
    – Ұлытау ауданы: 8 (7103) 52-12-40.
    Call-орталықтар арқылы тұрғындар сайлаушылар тізіміндегі мәліметтерін нақтылап, өздеріне қажетті ақпарат ала алады.
    Сайлау учаскесін алдын ала анықтау азаматтардың дауыс беру күні тиісті учаскеге уақтылы баруына мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары