«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

    «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

    Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Жаңақала ауданының тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

    Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың көкейкесті сұрақтарына жауаптар берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, тұрғындарға құқықтық кеңестер ұсынылды.

    Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

    Заң бәріне ортақ, құқықтық көмек әр азаматқа қолжетімді!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары