МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.

    1 / 30

    Қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі Манарбек Ержановтың 125 жылдық мерейтойы аясында Қарағанды қаласында Республикалық дәстүрлі әндерді орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

    Мерейтойға арналған мәдени іс-шаралар халықаралық деңгейде де жалғасын тапты. Атап айтқанда, Түркия астанасы Анкара қаласындағы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының штаб-пәтерінде арнайы мәдени шара ұйымдастырылып, Аланья қаласында қазақ диаспорасының қатысуымен өнер кеші өтті. Бұл бастамалар арқылы Манарбек Ержановтың бай шығармашылық мұрасы түркі әлеміне кеңінен таныстырылды.

    Қарағандыда өткен республикалық байқау үш күнге созылды. Оған еліміздің әр өңірінен келген дәстүрлі ән орындаушылары қатысып, ұлттық әншілік мектептің қайталанбас мұрасын паш етті.

    Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

    Бас жүлде – 1 000 000 теңге:

    • Ақжігіт Дәулетбек – Қарағанды облысы, Доскей ауылы, «Мирас» балалар өнер мектебі.

    І орын:

    • Бексұлтан Барақбай – Ұлытау облыстық Тайжан Қалмағанбетов атындағы филармониясы, Жезқазған қаласы.

    ІІ орын

    • Ермек Нұрпейісов – Ақмола облысы, Аршалы мәдениет үйі;
    • Мадияр Өмірғалы – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы.

    ІІІ орын

    • Нұртуған Абылайұлы - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы қаласы;
    • Ерасыл Махан - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы қаласы;
    • Нұрғиса Рахадұлы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Алматы қаласы.

    Салтанатты марапаттау рәсімінде профессор Дүйсен Қорабайұлы Қасейіновтің Манарбек Ержановтың шығармашылық мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Ол байқауға қатысушыларға арнайы құттықтау хат жолдап, ұлттық өнерді жалғастырып жүрген жас орындаушыларға ізгі тілегін білдірді.

    Шараның тағы бір тағылымды сәті - Манарбек Ержановтың шөбересі Сабинұр Оспанованың құрметті қонақ ретінде қатысуы болды. Қазақ ән өнерінде өшпес із қалдырған тұлғаның ұрпағына сахна төрінде құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды.

    Манарбек Ержановтың 125 жылдығына арналған республикалық байқау ұлттық ән өнерін ұлықтап, дәстүрлі орындаушылық мектептің сабақтастығын нығайтуға және жас таланттардың шығармашылығын қолдауға бағытталған маңызды мәдени шара ретінде өз мәресіне жетті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары