АТЫРАУДА «АТЫРАУДА ЖАСАЛҒАН» КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

    1 / 2

    2026 жылғы 31 қазанда Атырау қаласында жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға, отандық өнімдерді кеңінен насихаттауға және іскерлік байланыстарды дамытуға бағытталған «Атырауда жасалған» көрме-жәрмеңкесі өтті.
    Көрмеде мұнай-химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс саласы кәсіпорындарының, сондай-ақ жергілікті азық-түлік өндірушілерінің өнімдері таныстырылды.
    Іс-шара аясында Атырау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерлер арасында географиялық нұсқамалар мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Атап айтқанда, географиялық нұсқамалар маңызы, оларды құқықтық қорғау ерекшеліктері және зияткерлік меншік объектісі ретінде қорғау тәртібі түсіндіріліп, қатысушыларға ақпараттық брошюралар таратылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары