Атырау қалалық сотында «Материалдық шығынды және моральдық зиянды өндіру туралы дауларды қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы М.А. Музатова және сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы А.К. Жумагулов қатысты.
Кездесу барысында материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіруге қатысты дауларды қарау ерекшеліктері және сот актілерін орындау мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша аталған санаттағы істер бойынша заңнама талаптарын сақтау, сот актілерінің уақтылы әрі толық орындалуын қамтамасыз ету және уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









