Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде тегін құқықтық көмек көрсетуге арналған қоғамдық қабылдау өткізілді

    1 / 2

    Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Атырау облысы Әділет департаменті университеттің Заң клиникасымен бірлесіп тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетуге арналған қоғамдық қабылдау өткізді.

    🔹Қоғамдық қабылдауға Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы М.А. Музатова, департаменттің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.А. Анжанова, Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокатыА. Есбосын, Нотариаттық палатаның жеке нотариусы Ж. Джолдасбаева және Атырау облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Қ. Айпқалиев қатысты.

    🔹Іс-шара барысында мамандар ата-аналар, жастар және өзге де тұрғындардың құқықтық сауалдарына жауап берді. Азаматтарға нотариаттық іс-әрекеттер, адвокаттық көмек, сот актілерін орындау, сондай-ақ азаматтық, отбасылық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме беріліп, нақты кеңестер ұсынылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары