Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Жаныңдамын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Атырау ауылдық округінің тұрғындарымен құқықтық түсіндіру кездесуі өтті.
🎯 Кездесудің мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет пен қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, азаматтарға күнделікті өмірде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша мамандардан тікелей кеңес алуға мүмкіндік беру.
👥 Кездесуге қатысқан мамандар:
🔹 Нурмуханова Назерке Сагадженовна — Атырау облысы Әділет департаментінің Атырау қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің сот орындаушысы;
🔹 Кенжебеков Айдос Талапович — Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты;
🔹 Саясат Зухра Саясатқызы — Атырау облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы;
🔹 Қожықова Әйгерім Орынғалиқызы - Атырау облысының нотариаттық палатасының жекеше нотариусы.
👐🏻Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып жауап алды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









