«STEM. AI. Innovation»: Ұлытау педагогтері инновациялық оқыту әдістерін тәжірибеде қолданды

    Ұлытау облысында өткен «STEM. AI. Innovation» жас ұстаздар коннектінде педагогтер жасанды интеллект пен заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу жолдарын талқылап, тәжірибелік жұмыстарға қатысты, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Іс-шара аясында ұйымдастырылған STEM × AI LAB Workshop алаңында қатысушылар инновациялық оқыту әдістерін, цифрлық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін және STEM бағытындағы тәжірибелерді ортаға салды.
    Практикалық бөлімде педагогтер STEM PLAYGROUND және STEM PROTOTYPE LAB форматтарында жұмыс істеді. Олар сабақ мақсаттарын айқындау, оқушылардың білімін бағалау тәсілдерін жоспарлау және нақты нәтижеге бағытталған жобалық шешімдер әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты.

    Кездесуде жасанды интеллект пен STEM технологияларын оқу үдерісінде тиімді қолданудың маңызына назар аударылды. Аталған құралдар мұғалімдердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
    Тәжірибелік алаң жас педагогтердің заманауи білім беру технологияларын меңгеруіне, жаңа әдістерді сабақ барысында қолдануына және өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары