Мемлекеттік рәміздер: заңнама талаптары және оларды сақтау жауапкершілігі

    1 / 2

    Бүгін, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін заңнама талаптарына сәйкес қолдану мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

    Семинарға басқармаға қарасты барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың жауапты қызметкерлері қатысты.

    Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібі, оларды орналастыру және қолдану кезінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерді қолдану кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және осы бағыттағы жауапкершілікті арттыру.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары