Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен Талдықорған қаласының қонақтары 1-2 қараша күндері Б.Римова атындағы академиялық драма театрында режиссер Бәзіл Сұлтанғазының сахналауымен «Махаббат ол…» концерт-спектаклінің премьерасы өтеді. Қойылым сағат 19:00-де басталады.
«Махаббат ол…» – адам өміріндегі ең асыл сезімдердің бірі махаббаттың сан қырын өнер арқылы жеткізетін сахналық туынды. Әркімнің жүрегінде әртүрлі аталатын, бірақ бәріне ортақ сезім. Спектакльде сағыныш, мейірім, үнсіз түсіністік, айтылмаған сөз бен орындалмаған армандар секілді адам жанына жақын тақырыптар көрініс табады.
Концерт-спектакльдің негізгі идеясы – махаббаттың әр адам үшін өзіндік мәні бар екенін көрсету. Бірі үшін ол сағыныш болса, енді бірі үшін қамқорлық пен түсіністік. Бұл концерт-спектакль махаббаттың сан қырын өнер арқылы өрнектеп, көрерменді өз жүрегіне үңілуге шақырады. Өйткені махаббатқа әркімнің жауабы әртүрлі.
Өнер мен сезім тоғысқан ерекше кеште махаббаттың сан қырын бірге сезініп, жүрекке жақын әсерге бөленіңіздер!









