2026 жылғы 27–28 қазанда Талдықорған қаласында ЮНЕСКО-ның Техникалық гранты аясында материалдық емес мәдени мұра элементтерін түгендеу және сақтау жөніндегі табысты тәжірибемен алмасуға арналған облысаралық семинарлар мен «Ұрпаққа аманат: дәстүр сабақтастығы» фестивалі өтті.Іс-шаралар ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға, дәстүрлі өнер түрлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге және мәдениет саласы мамандарының кәсіби тәжірибе алмасуына бағытталды.27 қазандаТіл сарайында материалдық емес мәдени мұраны түгендеу және сақтау мәселелеріне арналған облысаралық тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Семинарға Қазақстан Республикасының Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Рустам Музафаров, комитет мүшелері Зубайда Сураганова, Жанерке Шайгөзова, Меруерт Құрманғалиева мен Нағымұлы Шахман, сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, облыстық мәдениет, спорт және білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, Алматы және Жамбыл облыстарынан келген делегациялар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Семинар барысында Қазақстандағы дәстүрлі мерекелер мен салт-дәстүр мәдениетінің қазіргі жай-күйі, кілем тоқу өнерінің қайта жаңғыруы, айтыс, терме және күй өнерінің дамуы, сондай-ақ ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы талқыланды. Қатысушылар материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен келер ұрпаққа жеткізудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сол күні Үстел теннисі орталығында «Ұрпаққа аманат: дәстүр сабақтастығы» фестивалі өтті. Фестиваль бағдарламасы ұлттық мәдениет пен дәстүрді кеңінен танытуға бағытталды. Қонақтар киіз үйді жасау, құру және безендіру бойынша шеберлік сабақтарын тамашалап, ұлттық спорт ойындарымен, қолөнер бұйымдарымен және ұлттық тағамдармен танысты.
Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер ұсынылып, ұлттық киімдер топтамасының көрсетілімі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.28 қазандаБейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде мәдениет қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған тәжірибелік семинар өтті.
Семинар «ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенциясы» және «Жетісу облысының 2026–2027 жылдарға арналған ақпараттық саясаты» тақырыптарын қамтыды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің мүшелері Зубайда Сураганова мен Жанерке Шайгөзова, қазақстандық режиссер әрі деректі фильмдердің сценарисі Алексей Каменский спикер ретінде қатысты.
Семинарға аудандық, қалалық және ауылдық мәдениет үйлерінің әдіскерлері, журналистер, операторлар мен фотографтар қатысып, мәдениет саласындағы ақпараттық жұмыстың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ материалдық емес мәдени мұраны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, ұлттық құндылықтарды кеңінен таныту және мәдениет пен медиа салалары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылды.
Екі күнге созылған іс-шаралар ұлттық мұраны сақтау, дәстүрлі өнерді дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту бағытындағы маңызды алаңға айналды. Сонымен қатар мәдениет саласының мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тәжірибе алмасуына, кәсіби байланыстарын нығайтуына және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау бағытындағы ортақ бастамаларды дамытуына мүмкіндік берді.









