«Таза Қазақстан» — таза әрі жасыл болашақ үшін!

    Зеренді ауданында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығы қарсаңында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен, Жастар ресурстық орталығы мен жергілікті атқарушы органның қатысуымен экологиялық іс-шара өткізілді.

    Іс-шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, туған өлкенің көркеюіне үлес қосу және табиғи байлықтарды сақтау. Осы игі мақсат жолында қатысушылар бірлесе еңбек етіп, аумақты көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Акция барысында ағаш көшеттері отырғызылып, табиғатқа жанашырлықтың жарқын үлгісі көрсетілді.

    Осындай ізгі бастамалар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға және өскелең ұрпақтың табиғатты аялау құндылықтарын бойына сіңіруге зор ықпал етеді.

    Таза Қазақстан — ортақ үйіміз, жасыл болашақ — ортақ мақсатымыз!

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары