Ақмола облысының прокуратурасында полиция қызметіндегі заңдылық мәселелері талқыланды

    03.11.2026ж. Ақмола облысының прокуратурасында облыс прокурорының орынбасары Ерболат Жүсіптің төрағалығымен Полиция департаменті басшылығының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті.

    Кеңес барысында полицияның бірқатар аумақтық бөлімшелерінің қызметіне жүргізілген тексерулердің нәтижелері қаралды. Тексеру барысында қылмыстық-процестік заңнама талаптарының елеулі бұзушылықтары анықталған.

    Кеңес қорытындысы бойынша Полиция департаментінің басшылығына анықталған заң бұзушылықтарды жою, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту, ведомстволық бақылауды күшейту және азаматтардың құқықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

    «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары