Тыйымды елемеді – бас бостандығынан айырылды

    Бұған дейін 2031 жылға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған Біржан сал ауданының тұрғыны қайтадан алкогольдік масаң күйде автокөлік тізгіндеген.

    Сот талқылауы барысында аудан прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдап, сотталушының кінәсін дәлелдеді.

    Сот ер адамды көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін кінәлі деп таныды (ҚР ҚК 346-б.1-б.).

    Жасалған қылмыс үшін оған 10 айға бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Прокуратура ескертеді: көлік басқару құқығынан айырылған адамның мас күйінде қайтадан рөлге отыруы қылмыстық жауаптылыққа, оның ішінде нақты бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғады.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары