«Таза Қазақстан» акциясы аясында Атбасар ауданында 100 қарағай көшеті отырғызылды

    2026 жылғы 6 қарашада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Атбасар ауданының прокуратурасы Атбасар қаласының №1 шағын ауданында ағаш отырғызу іс-шарасын ұйымдастырды.

    Қаланы көгалдандыруға бағытталған іс-шараға прокуратура қызметкерлерімен қатар жергілікті атқарушы органның, білім беру мекемелерінің және жеке кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Жалпы 41 адам жұмылдырылып, бірлескен күш-жігердің нәтижесінде 100 түп қарағай көшеті отырғызылды.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары