Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында табиғи желдету жүйелеріне арналған ауа кіргізу клапандарын өндіруге маманданған «AERONIX ASTANA» зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Шортанды ауданының прокуроры, аудан әкімі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорын өкілдері қатысты.
Жобаны іске асыру аясында шамамен 15 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Шортанды ауданының прокуратурасы заңмен берілген өкілеттіктері шеңберінде кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілердің алдын алу және кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуға жол бермеу бағытында жұмыс жүргізуде.
Жаңа кәсіпорынның ашылуы Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, отандық өндірісті нығайтуға және қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ететін маңызды оқиға болып табылады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






