АУДАНДЫҚ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНДА

    1 / 11

    Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Исатай ауданына іс-сапары кезінде аудандық Отбасын қолдау орталығына барды.

    Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар басқармасына қарасты мекеме бұл күндері зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған көптеген шаралар өткізіп келеді. 2026 жылдың қазан айына орталық қызметкерлерінің көмегіне 185 адам жүгінген. Оларға психологиялық, заңгерлік, ЭЦК ашу,демеушілік, үй кезегіне тұрғызу, оқушыны жаңа мектепке орналастыру, арнай қызмет, дәрігер қабылдауы, бір реттік әлеуметтік төлем тағайындау сияқты қолдау көрсетілген.

    Амангелді Абдолов мекеме ғимаратын, қызметалушыларға көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасына мониторинг жасады.

    Орталық басшысы Гулнар Саматқызымен әңгімесінде кадр мәселелері мен жалпы жұмыс барысындағы жоспарлары туралы сұрап білісті.

    Мониторинге өкілмен бірге Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі А.Тулешева мен Өкілеттік жанындағы Сарапшылар кеңесінің мүшесі Ж.Дияшова қатынасты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары