Қандастар үшін Ашық есік күні

    1 / 2

    2026 жылғы 6 қарашада Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қандастар үшін Ашық есік күнін өткізді.

    Іс-шара барысында "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" және "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Қатысушыларға келесі мәселелер бойынша түсініктемелер берілді:

    * Қазтест өту;

    * сауалнамадан өту.

    * виза, ыхтиярхат алу.

    Ашық есік күні ай сайынғы негізде өткізіледі, бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қандастардың құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" жаңалықтары