Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесімен бірлесіп, Жұмыспен қамту орталығының пробация қызметі орталығына барды.

    1 / 5

    2026 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесімен бірлесіп, Жұмыспен қамту орталығының пробация қызметі орталығына барды.

    Кездесу барысында пробация есебінде тұрған азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндіріліп, олардың құқықтары мен заңды мүдделері туралы ақпарат берілді.

    Іс-шараның басты мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету.

    Әрбір азаматтың құқығы қорғалуға тиіс. Ал жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру — қоғамға қайта бейімделудің маңызды қадамы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары