Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесі және Әділет департаментінің өкілімен бірлесіп, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің колледжінде студенттермен кездесу өткізді.

    1 / 5

    2026 жылғы 13қазан күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесі және Әділет департаментінің өкілімен бірлесіп, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің колледжінде студенттермен кездесу өткізді.

    Кездесудің негізгі тақырыбы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін кері әсері және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

    Кездесу барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану, сондай-ақ әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндірілді.

    Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, парасаттылық пен адалдық құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары