Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті РММ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

    1 / 5

    2026 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті РММ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында төмендегідей маңызды тақырыптар бойынша лекция оқылды:

    Адам құқықтары – әр адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, адам қадір-қасиетін құрметтеу және заңды мүдделерін сақтау;

    Заң мен тәртіп – заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы тәртіпті нығайту;

    Мемлекеттік қызметшінің өз құқықтары – мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтары, заңды мүдделері және өз құқықтарын қорғау тетіктері.

    Кездесудің негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, адам құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары