КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА 55 ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

    1 / 7

    Шымкент қаласында Асар-2 шағынауданында орналасқан 55 пәтердің кілтін табыстау рәсімі өтті. «Көрме» орталығында ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

    Бұл үйлер кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру шарттары негізінде ұсынылды. Пәтер иелерінің қатарында мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, жесірлер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

    Айта кетейік, баспанамен қамтудың бұл форматы азаматтарға пәтерді жалға алып тұрып, кейіннен сатып алу мүмкіндігін қарастырады. Бұл әдіс отбасыларға уақыт өте келе баспананың толыққанды иесі атануға жол ашады.

    Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарының қажеттіліктері мен халықтың түрлі санаттарын баспанамен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, алдағы уақытта да жалғасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары