Шымкенттік спортшы Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан қоржынына кезекті жүлде салды.
Отандасымыз жұлқа көтеруде 182 келіні, ал серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Қос сайыс қорытындысы бойынша 399 келі салмақты еңсеріп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштік:
Карлос Насар (Болгария) – 415 кг (185+230);
Нұрғиса Әділетұлы (Қазақстан) – 399 кг (182+217);
Әли Алипур (Иран) – 396 кг (181+215).
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









