2026 жылғы 5 қарашада Департаментте Астана қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокурорының көмекшісі Жанагүл Қайыргелдіқызы Дарыбаева мен аталған басқарманың аға прокуроры Саида Темербулатқызы Сейтахметованың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 18 мамырдағы № 79-НП нормативтік қаулысының негізгі ережелері түсіндірілді. Аталған қаулы азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыруға конституциялық құқығын іске асыру мәселелеріне арналған.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын азаматтарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мен алу жөніндегі Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымына ерекше назар аударылды. Шетелде тұрақты тұру фактісінің өзі заңнамада көзделген өзге де талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматының зейнетақымен қамсыздандыру құқығын шектеуге негіз бола алмайтыны түсіндірілді.
Сонымен қатар прокуратура өкілдері есірткі құқық бұзушылықтарына, интернет-алаяқтыққа және дропперлікке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша профилактикалық дәріс өткізді.
Қатысушыларға алаяқтықтың кең таралған схемалары, азаматтарды заңсыз қаржылық операцияларға тарту тәсілдері, банк карталарын, шоттарын және банк қосымшаларына қолжетімділікті үшінші тұлғаларға берудің құқықтық салдары, сондай-ақ заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ жеке қаржылық қауіпсіздік шараларын сақтау, күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарау және құқыққа қайшы әрекеттердің белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына уақтылы жүгіну қажеттігі атап өтілді.
Осындай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









