Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Әлеуметтік кодекс» (бұдан әрі – Кодекс) 195-1 бабына сәйкес еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдардың әлеуметтік қорғалу құқығы қаралған.
Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде мыналардан:
1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан;
2) зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінен;
3) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемнен;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінен тұратын арнаулы әлеуметтік төлемге құқығы болады.
Осы тармақта көзделген төлемдерге құқық еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскер еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды.
- Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істемейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде:
1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлеміне құқығы болады.
- Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құқықтар:
"Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді қоспағанда, осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.
Бұл төлемдер зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі уақытқа төленеді.
Жоғарыда айтылған нормаларға сәйкес:
4 көзден тағайындалатын төлемдер:
1) бюджет қаражатынан арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – 2,0 ең төмен күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) шамасын құрайды.;
2) зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі – 1,0 ЕТКД;
3) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем - 1,0 ЕТКД;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінен тұратын арнаулы әлеуметтік төлемі - жинақталған жарналарға байланысты.
2 көзден тағайындаратын төлемдер:
1) бюджет қаражатынан арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – 2,0 ең төмен күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) шамасын құрайды.;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінен тұратын арнаулы әлеуметтік төлемі - жинақталған жарналарға байланысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









