Астана қаласының прокуратурасында прокуратура органдарының 35 жылдығын атап өту аясында елорданың барлық аудандарынан 7 қатысушыны біріктірген «Үздік мемлекеттік айыптаушы 2026» жыл сайынғы байқауы өтті.
Байқау үш кезеңнен тұрды: өзін таныстыру, қылмыстық-процестік заңнаманы білу бойынша викторина және резонанстық сот отырысынан кейін журналистер тарапынан қойылуы мүмкін сұрақтарға жауап беру.
Соңғы кезеңде қатысушылардың тапқырлығы, өз ұстанымын дәлелді жеткізуі және күрделі сұрақтарға жедел жауап беру қабілеті бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша «Астана қаласының үздік мемлекеттік айыптаушысы» атағына Нұрсұлтан Айткенов ие болды. Ал «Үздік шешендік шеберлік» номинациясы бойынша Жәңгір Сәдуақас марапатталды.
Астана қаласының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




