1 / 6
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың жыл сайынғы мониторингі аясында 2026 жылғы 27-30 қазаннан бастап мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын аралау ұйымдастырылды. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының құжаттары мен жабдықтарын қарады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









