АЙГҮЛ ЫСҚАҚОВА «САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы, денсаулық сақтау ісінің үздігі Айгүл Қайруллақызы Ысқақова «Санжар Асфендияров» медалімен марапатталды.

    Салтанатты жағдайда марапатты Комитет төрағасы Лаурра Мұстафақызы табыстап, Айгүл Қайруллақызына көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.

    Айгүл Қайруллақызы медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың қызметін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, 2024–2030 жылдарға арналған медициналық көмектің сапасын жетілдіру жөніндегі Кешенді жоспарды әзірлеуге және іске асыруға белсенді қатысуда.

    Сонымен қатар медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және медициналық ұйымдар қызметіндегі заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық бақылау тетіктерін жетілдіруге елеулі үлес қосып келеді.

    Бұл марапат – кәсібиліктің, өз ісіне деген адалдықтың және денсаулық сақтау жүйесінің игілігі жолындағы көпжылдық еңбектің лайықты бағасы.

    Айгүл Қайруллақызын жоғары марапатымен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасына амандық, бақ-береке және кәсіби қызметіне толағай табыстар тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті" жаңалықтары