Бүгін сіздерге бір тіректі немесе көп тіректі таяқты қалай алуға болатыны, яғни мүгедектігі бар адамдарды мүгедектігі бар адамның жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес осы техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге арналған медициналық көрсетілімдер туралы айтып бергім келеді.
Бір тіректі және көп тіректі таяқтар ауруларға, жарақат салдарына немесе төменгі аяқ-қолдардың, жамбастың және омыртқаның даму аномалияларына, орталық және шеткі жүйке жүйесінің, қан айналымы жүйесінің, тыныс алу органдарының, несеп-жыныс жүйесінің ауруларына, сондай-ақ зат алмасу бұзылыстарына байланысты статодинамикалық функциялардың орташа немесе айқын бұзылыстары кезінде ұсынылады.
Бұл ретте тұру және жүру кезінде тепе-теңдіктің орташа бұзылыстары болуы қажет.
Аталған техникалық оңалту құралын алу үшін сізге медициналық тексеруден өтіп, тиісті көрсетілімдерді анықтау мақсатында тіркелген емханаңызға жүгіну қажет.
Денсаулықтарыңызды күтіңіздер!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









