Орал қаласында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Туризм және спорт министрлігінің кубогы өз мәресіне жетті.
Командалық есепте үздік нәтиже көрсеткен білім беру ұйымдары анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.
🥇 І орын – Шаңырақ шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
🥈 ІІ орын – Республикалық спорт колледжі;
🥉 ІІІ орын – Қаркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі.
Жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына және спорттағы әлеуетін көрсетуіне мүмкіндік берді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









