МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

    Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға жол бермеу, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану мәселелеріне арналған түсіндіру жиыны өтті.

    Жиынды басқарма басшысы Бақдәулет Маратұлы Сәбитов жүргізді. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айман Рафикқызы Хайруллина, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Мұратхан Мұхитұлы Набиғалиев, басқарманың мемлекеттік қызметшілері және ведомстволық бағынысты спорт мекемелерінің директорлары қатысты.

    Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындау, құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудың алдын алу мәселелері кеңінен қаралды. Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсу тәуекелдері мен олардың алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берілді.

    Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын, қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау және өз міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқару қажеттігі атап өтілді.

    #bqo_sport

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары