БҚО АУЫР АТЛЕТТЕРІ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ!🥈

    Орал қаласында ауыр атлетикадан 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің 19 командасынан 250-ге жуық жас зілтемірші қатысқан дүбірлі додада Батыс Қазақстан облысының ұлдар және қыздар құрамалары жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды!

    🏋️ ҰЛДАР АРАСЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР

    🥇 Сүйеуғали Тілек– +70 келі салмақ дәрежесінде серпе көтеру, жұлқа көтеру және қоссайыс қорытындысы бойынша үш алтын медаль жеңіп алды.

    🥇 Амангелді Парасат– 33 келіде қоссайыс қорытындысы бойынша чемпион атанып, серпе көтеруде де алтын медаль иеленді. Жұлқа көтеруде күміс жүлдеге қол жеткізді.

    🥈Мұханбетқалиев Расул– 45 келіде қоссайыста күміс медаль жеңіп алды. Серпе көтеруде де күміс жүлдеге ие болып, жұлқа көтеруде қола медаль алды.

    🥈 Темірболатұлы Нұрсұлтан– 37 келіде үш жаттығудың қорытындысы бойынша күміс медаль иеленді.

    🥉 Қалиұлы Айболат– 55 келіде үш жаттығудың қорытындысы бойынша қола медаль жеңіп алды.

    🏋️ ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР

    🥉 Таңатар Айдана– 45 келіде үш жаттығудың қорытындысы бойынша қола медаль иеленді.

    🥈 Аманжолова Баянсұлу– 57 келіде қоссайыста күміс жүлдегер атанды. Серпе көтеруде күміс, жұлқа көтеруде қола медаль жеңіп алды.

    🥈 Нұрлан Інжу– 69 келіде қоссайыс қорытындысы бойынша күміс медаль иеленді. Жұлқа көтеруде күміс, серпе көтеруде қола жүлдеге қол жеткізді.

    🏆 ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП

    Батыс Қазақстан облысының ұлдар құрамасы да, қыздар құрамасы да ел чемпионатының жалпыкомандалық есебінде екінші орынға тұрақтады.

    Бұл – жас спортшылардың табанды еңбегі мен жаттықтырушылардың жүйелі дайындығының нәтижесі. Жас зілтеміршілеріміздің ел чемпионатындағы жетістігі өңір спортының әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, жаттықтырушыларды және спортшылардың ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

    #БҚОспорты #АуырАтлетика #ҚазақстанЧемпионаты #ЖасЗілтеміршілер

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары