«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 10
2026 жылғы 28 қазанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ZOOM ақпараттық платформасы арқылы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында онлайн-жиналыс өткізілді.
Жиналысты Департамент басшысының міндетін атқарушыcы Н.Ә. Ермекбаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Іс-шара барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:
- тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын (GxP) енгізу;
- фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
- дәрілік заттарға бекітілген шекті бағаларды сақтау;
- дәрілік заттарды және антибиотиктерді рецепт арқылы босату;
- таңбаланған дәрілік заттардың айналымы кезіндегі бұзушылықтардың алдын алу.
Жиналыс соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау және фармацевтикалық қызмет сапасын арттыру бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








