«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 4
2026 жылғы 2 шілдеде Қызылорда қаласындағы Тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкес сертификат алған дәріхана ұйымдары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Аталған меморандум фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын арттыруға, GPP стандарттарын енгізу мен дамытуға, сондай-ақ дәрілік заттарды қауіпсіз және ұтымды қолдану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Осы меморандум аясында 2026 жылғы 23 қазанда «Зерде-Фарма» ЖШС ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың фармацевтикалық сауаттылығын арттыру, дәрілік заттарды сақтау және қолдану тәртібі туралы ақпараттандыру, сондай-ақ тиісті дәріханалық практика қағидаттарын кеңінен насихаттау.
Іс-шара барысында қатысушылар дәріхананың қызметімен, дәрілік заттарды сақтау жағдайларымен, олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптармен және фармацевтикалық қызмет көрсетудің ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, дәріхана фармацевттері келушілерге дәрілік заттарды дұрыс қабылдау және қолдану тәртібі бойынша кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ашық есік күні аясында антибиотиктерді ұтымды пайдалану, дәрілік заттарды дәрігердің тағайындауынсыз қабылдаудың ықтимал қауіптері, өзін-өзі емдеудің салдары және дәрілік заттарды қауіпсіз қолдану қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, келушілерге арнайы әзірленген жадынамалар таратылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді. Мұндай бастамалар халықтың денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, дәрілік заттарды қауіпсіз әрі ұтымды қолдану дағдыларын дамытуға және фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








