АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

    Созылмалы және әлеуметтік маңызды ауруларға шалдыққан азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы.

    Тегін дәрі-дәрмекті белгілі ауруы бар, яғни медициналық көрсеткіштері бар адамдар ғана ала алады.

    Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ - 75 бұйрығымен бекітілген.

    Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету келесі ауру нозологиялар бойынша жүзеге асады: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, аритмия, бронх демікпесі, қант диабеті, ревматоидты артрит және басқалары.

    Дәрі-дәрмекті алу үшін науқас өзінің аймақтық дәрігеріне жүгінуі қажет. Дәрігер науқасқа оның медициналық көрсеткіштері қарай және қажеттілік болған жағдайда дәрі-дәрмекке рецепт жазып береді. Берілген рецептпен науқас өзінің жеке басын куәландыратын құжатымен бірге емхананың дәріханасына баруы тиіс.

    Егер пациент қажетті препаратты ұзақ уақыт бойы ала алмаса, «СК-Фармация» ЖШС байланыс орталығына 1439 нөміріне жүгінген жөн✅

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ" жаңалықтары