«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ·Жаңалықтар мұрағаты
Мемлекеттік қызмет пен денсаулық сақтау саласы – қоғам дамуының негізін құрайтын маңызды бағыттардың бірі. Бұл салада кәсіби біліктілікпен қатар адалдық, жауапкершілік және заңдылық қағидаттарын ұстану ерекше маңызға ие. Халық денсаулығын қорғау жолында еңбек ету әрбір маманнан жоғары жауапкершілік пен өз ісіне деген адалдықты талап етеді.
Осындай жауапты міндетті атқарып жүрген мамандардың бірі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Мұзарапова Гауһар Саматқызы.
Гауһар Саматқызы 2018–2022 жылдары академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қабырғасында жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2022 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде бастап, Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы ретінде қызметін жалғастырып келеді.
Қызмет барысында фармацевтикалық қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған жұмыстарға қатысып, өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап келеді. Өз ісіне тиянақтылықпен қарау, кәсіби білімін жетілдіруге ұмтылу және қызметтік міндеттерді адал атқару – кәсіби ұстанымдарының бірі.
Еңбекке деген жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігін ұштастыра отырып, мемлекеттік қызметтің дамуына және халық денсаулығын қорғау ісіне өз үлесін қосып келеді.
Алдағы уақытта кәсіби жетістіктерге жетіп, қызмет жолында толағай табысқа кенеліп, жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз! Отбасына амандық, шаңырағына шаттық пен береке тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









