МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – КӘСІБИЛІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ҮЛГІСІ

    Мемлекеттік қызмет пен денсаулық сақтау саласы – халықтың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды салалар. Бұл бағытта кәсіби білім мен тәжірибені ұштастырып, қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау әрбір маманның басты міндеті болып табылады.
    Осындай жауапты салада еңбек етіп жүрген мамандардың бірі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Даулетшеев Ернар Оразбаевич.
    Ернар Оразбаевич 2009–2014 жылдары Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында білім алып, фармацевтика саласы бойынша кәсіби даярлықтан өткен.
    Еңбек жолын 2014–2020 жылдары «Фармсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дәріханасында бастап, фармацевтикалық қызмет саласында тәжірибе жинақтады. 2020–2021 жылдары «Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК-да провизор қызметін атқарды.
    2022 жылғы 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде бас маман қызметіне қабылданып, бүгінде Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде еңбек жолын жалғастырып келеді.
    Қызмет барысында ол кәсіби білімі мен жинақтаған тәжірибесін тиімді пайдаланып, өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап келеді. Фармацевтика саласындағы тәжірибесі мен кәсіби даярлығы қызметтік міндеттерін сапалы атқаруына негіз болып табылады.
    Еңбекқорлығы, кәсібіне деген адалдығы мен жауапкершілігінің арқасында ұжым ішінде сый-құрметке ие болып, мемлекеттік қызметтің дамуына өз үлесін қосып келеді.
    Алдағы уақытта кәсіби биіктерді бағындырып, қызмет жолында толағай табысқа жетуіне тілектеспіз! Отбасына амандық, шаңырағына шаттық пен береке, балаларының қызығын көруді тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ" жаңалықтары