25 қазан – Республика күні құтты болсын!

    1 / 4
    Республика күні – еліміздің тәуелсіздігінің негізін айқындаған, ұлттық бірлігіміз бен елдігімізді дәріптейтін, тарихымызда айрықша орны бар маңызды мереке. Бұл күн – халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысын, егемендікке деген құрметін және жарқын болашаққа деген сенімін білдіреді.
    Ұлттық мереке қарсаңында Қызылорда облысының әкімі М. Ергешбаевтің атынан Департаменттің бірқатар маманына өздерінің кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып, мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттар табысталды. Бұл – мамандардың еңбегіне берілген лайықты баға әрі алдағы қызметіне деген зор сенімнің белгісі.
    Барша отандастарымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болғай! Республика күні құтты болсын!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ" жаңалықтары