2026 жылғы 9–10 қазан күндері Алматы қаласында бәйге түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Республикалық додада Батыс Қазақстан облысының шабандоздары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Құнан бәйгеде Санжар Өмекей тұлпарымен мәреге бірінші болып келіп, чемпионаттың алтын жүлдесін иеленді. Ал Мерей Ғариполлин бұл жарыста төртінші орынға тұрақтады.
Топ бәйгеде Мерей Ғариполлин екінші орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ аламан бәйгеде Санжар Өмекей мәреге екінші болып жетіп, жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды.
Осылайша, Батыс Қазақстан облысының шабандоздары чемпионат қорытындысы бойынша екі алтын және бір күміс жүлдеге қол жеткізді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ұлттық спорттағы жетістіктеріңіз артып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









