29 қазанда Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының конференц залында балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармаға арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы VI республикалық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Алты жылдан бері бұл байқау қазақстандық балалар әдебиетіндегі жаңа есімдерді танытып, еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген талантты авторлардың басын қосып келеді. Осы уақыт ішінде қазылар алқасының назарына балалар мен жасөспірімдерге арналған ертегілер, әңгімелер, повестер мен фантастикалық туындыларды қамтитын 137 қолжазба ұсынылды.
Байқау еліміздегі әдеби бастамалар арасында ерекше орын алады. Себебі бұл – толығымен балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби шығармаларға бағытталған жалғыз байқау. Оның басты мақсаты – жас ұрпаққа арнап қалам тербейтін авторларды қолдау және отандық балалар әдебиетін дамыту.
Әдеби байқау мен«Кітап оқитын ұлт»жобасы арасындағы байланыс терең және стратегиялық болып табылады: байқау таланттарды анықтайды және ынталандырады, ал жоба осы таланттарды тыңдау және олардың шығармаларын оқу үшін ауқымды экожүйе мен инфрақұрылым жасайды.
VI байқаудың жеңімпаздары: «Қазақ тіліндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма» номинациясы бойынша қатысқан Бейбіт Бөжен (Павлодар қаласы) «Арлан блогер» шығармасымен жеңімпаз атанды. «Орыс тіліндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма» номинациясы бойынша қатысқан Наталья Геннадьевна Яковлева (Көкшетау қаласы) «Подводная лодка Макса» повесімен жеңіске жетті.
Жас оқырмандардың ықыласына бөлену – әрбір автор үшін ерекше марапат. Балалар қазыларының арнайы жүлдесі «Арлан блогер» шығармасы үшін Бейбіт Бөженге табысталды.
Байқаудың маңызды нәтижелерінің бірі – байқауға ұсынылған шығармалар енген «Таза бұлақ» жинағының жарық көруі. Жинақ Қостанай облысындағы барлық балалар кітапханасына таратылады. Бұл үздік әдеби туындылардың өз оқырмандарын табуына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








